Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1),3),5) тармақтарымен (электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, аса ірі мөлшердегі психотропты затты өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау) айыпталған П.-ға қатысты қылмыстық іс ашық сот отырысында қаралды.
Сотталушы 2024 жылдың қаңтар айында «Telegram» әлеуметтік желісіндегі парақшаға тіркеліп, сол сайттан Астана қаласынан аса ірі мөлшердегі психотроптық затты Алматы қаласына алып келіп, өзінде сақтаған.
Содан «Toyota camry» автокөлігін жалдап, Шымкент қаласына қарай жолға шыққан. Жолда полиция қызметкерлері аталған автокөлікті тоқтатып, оның жүк салғышын тексеру барысында, сөмкеден аса ірі мөлшердегі психотроптық затты тапқан.
Куәлердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сот сараптамаларының тұжырымдарымен дәлелденеді.
Прокурор П.-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы өзінің әрекетін толығымен мойындап, оған жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сот, П.-ны ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1),3),5) тармақтарымен кінәлі деп танып, оған қылмыстар жиынтығы бойынша 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген.