Úı ANONS Шымкентте алматылық тұрғыннан аса ірі көлемде психотроптық зат тәркіленді

Шымкентте алматылық тұрғыннан аса ірі көлемде психотроптық зат тәркіленді

фото ШПД
Полиция қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталған жұмыстарды жалғастыруда. Жедел іс-шаралар барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен синтетикалық есірткі затын тасымалдаған Алматы қаласы тұрғынының басқаруындағы Hyundai Elantra маркалы автокөлігін тоқтатылды. Тексеру барысында автокөлік салонынан скотчпен оралған полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Оның ішінде жалпы салмағы 1 келі психотроптық зат болған.
Аталған заттың Шымкент қаласы аумағында жасырын орындарға қою арқылы таратуға арналғаны анықталды. Жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті қамауға алынды.
Полиция есірткі заттарын сақтау, тасымалдау және тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.