Шымкентте қызғанышқа булыққан ер адам әйелін буындырып өлтірді. Қайғылы жағдай жыл басында болған. Келіншегінен күдіктенген отағасы оны ұрып-соғып, соңында тұншықтырған.
Олардың отау құрғандарына бір жыл ғана болған екен. Қылмыскер бұған дейін сотты болмаған. Осыны ескерген сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Жандос Досанов, Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы: «Жұбайын өлтіру бойынша 1 факт орын алған. Ол ағымдағы жылы болған. Жолдасының басқа адаммен көңілдес болып жүргенін естиді сотталушы азамат. Сол қызғану себебінен ұрып-соғып өлтіреді. Қазіргі таңда ол азаматқа қатысты сот үкімі шыққан. 10 жыл бас бостандығынан айрылған. Жасы 50-дегі азамат».
Назерке Үкібасова