Шардаралық кәсіпкер шұжық жасаумен айналысады

21
фото ШАӘБҚ
Шардара ауданында «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде қайтарымсыз 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант 81 азаматқа беру жоспарланып, маусым,тамыз айларында өткізілген 2 лек комиссия отырысының қорытындысымен 81 азамат оң қорытынды алған болатын.
Соның бірі қолдан шұжық (колбаса) жасаумен айналысатын Назерке Жомартқызы. Ол мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қатысып, бүгінгі таңда ауданды үй шұжығымен қамтамасыз етіп отыр.
«Мен шұжық жасауды осыдан бір жыл алдын оқып, бастадым. Өздеріңізге белгілі бүгінгі таңда табиғи өнімге сұраныс жоғары. Соны ескеріп мен шұжықты таза қаракесек еттен жасауды қолға алдым. Бірақ таза еттен жасалған өнімнің бағасы нарықтағы бағадан қымбаттау болғандықтан аз-аздан дүкендерге өткізіп, өзім де онлайн түрде тұтынушыларға жеткізудемін. Жалпы қандай кәсіптің болсын дамуы үшін заманауи аппараттар қажет. Бұл тұрғыда мен мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдауға арналған қайтарымсыз грантқа қатысып, бизнес идеямды қорғап шықтым. Міне, қазір өзіме қажетті аппараттарды алып, жұмыс өнімділігін арттырудамын.»- дейді кәсіпкер.
Бүгінгі таңда, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие және басқа да қолдаулар жыл сайын артуда.