Шымкентте ерекше оқиға орын алды. Мерзімді қызметтегі әскери қызметші әскери ант қабылдағаннан кейін саптық алаңда сүйікті қызына үйлену туралы ұсыныс жасады.
18 қаңтарда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде жас толықтырым әскери ант қабылдады. Әскери бөлімнің қатарына еліміздің барлық өңірлерінен қызмет атқаруға келген 400-ге жуық жас сарбаз қосылды.
Салтанатты бөлімнен кейін Алматыдан шақырылған сарбаз қатардағы жауынгер Руслан Андреев саптық алаңда қызына өмірлік жары болуға сөз салды. Сүйіктісінің аты Диана «иә» деп жауап беріп, келесі қысқа дейін жігітті күтуге уәде берді. Салтанатты рәсімге Русланның ата-анасы да келді. Олар ұлының маңызды ниетін біле отырып, оның шешіміне қатты қуанды.
Бұл романтикалықоқиғаныңкуәсі салтанаттырәсімгежиналғанмыңғажуықадам болды.