Úı ANONS QR код арқылы ұсыныс білдірдіңіз бе?

QR код арқылы ұсыныс білдірдіңіз бе?

Шымкентте QR код арқылы әкімдікке  573 адам өтініш жолдапты. Олар қаланың дамуына қатысты өз ұсыныстары мен талап -тілектерін қалдырған. Бұл нәбәрі 3 айға жуық уақытта келіп түскен  көрсеткіш дейді мамандар. Халықтың сұранысы мен талаптары қандай? Өтініштің басым бөлігі қай басқармаға жолданған? 

Шымкент қаласында тұрғындардың пікірін тікелей ескеруге бағытталған жаңа жоба іске қосылған болатын.  Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған бұл жобада тұрғындар қаланың дамуына өз ойы мен ұсынысын тікелей жеткізе алады. Бұл мүмкіндікке 570 тен астам адам қол жеткізген. Яғни, олар түрлі сала бойыннша ұсыныс пікір қалдырған, тіпті шағым жазғандар да бар.

«Тұрғындардан түскен өтініштердің басым бөлігі төмендегі басқармаларға қатысты болды:
Транспорт басқармасы – көлік инфрақұрылымы, жол қозғалысы және қоғамдық көліктегі мәселелер бойынша,
Энергетика басқармасы – электрмен, жылумен жабдықтау және жарықтандыру бойынша,
Жайлы орта басқармасы – қаланың абаттандыру, тазалық және жасыл аймақтарын дамыту бойынша,
Туризм басқармасы – туристік аймақтарды дамыту және қала имиджін жақсарту бойынша»

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық түскен өтініштер қала әкімі хаттамасымен ресми түрде тіркеліп, жауапты басқармаларға жолданады екен. Сонымен қатар, олардың орындалуы мен қаралуы қатаң бақылауда болады дейді әкімдік өкілдері. Тіпті, қала әкімі алдында жүйелі түрде талқыға түсіп, әрбір сұрау жауапсыз қалмайды дееп отыр. Ал, қала тұрғындары бұл жобамен етене таныспа?

Дегенмен қала тұрғындарының арасында, әкімдікке тікелей талап-өтініштерді жолдауға арналған кюарды, садақа жәшігіндегі кюармен шатастыратындар да бар екен. Яғни, кейбір шымкенттік азаматтар мегаполисті кюарға азды-көпті қаржы аударып дамыту идеясын да қолдауға дайын көрінеді.

Айта кетейік, Шымкент қаласының тұрғындарынан қала дамуына қатысты барлығы 573 өтініш келіп түсті. Нақтырақ айтар болсақ, оның ішінде 219 өтініш ұсыныстарға жатады. Ал, 132 өтініш – тұрғындардың жеке сұраныстары мен өтініштері.

Бұдан бөлек, 43  шағым ретінде тіркеліп отыр. Сонымен қатар, 179 өтініш бейтарап сипатта екен. Сізде қаланың дамуына жеке үлес қосып, оң өзгерістердің бір бөлігі болуға мүмкіндігіңіз бар.

Нұргүл Жолымбетова