Шымкенттегі «Хадиша» көпсалалы клиникасы пациенттердің өмірін сақтап, қалпына келтіру үшін алдыңғы қатарлы технологияларды енгізіп жатыр. Медициналық қызмет көрсету деңгейін бағалау үшін медмекемеге«Ұлттық нейрохирургия орталығының» бөлім меңгерушісі Ербол Махамбетов келді. Ол жергілікті нейрохирург мен невропатолог мамандарымен кездесті. Жиын барысында маман дәрігерлердің жоғары біліктілігін және инсульт сияқты қауіпті патологияны емдеуде қолданылатын заманауи әдістерді атап өтті.
Елордалық дәрігер «Хадиша» көпсалалы клиникасының жұмысын жоғары бағалады. «Ұлттық нейрохирургия орталығының» қан тамырлары және функционалдық нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Ербол Махамбетов клиниканың нейрохирургтары мен невропатологтарымен кездесті. Олар нейроинсульт қызметін дамытуға арналған республикалық бағдарлама аясында оқудан өткен. Дәрігер мамандардың жоғары біліктілігін және заманауи технологияларды қолдануын атап өтіп, бұл пациенттерге сапалы әрі уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін айтты.
Ербол Махамбетов, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ қан тамырлары және функционалдық нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі: «Менің ойымша, дәрігерлер өте білікті және жұмыс қағидаттарын белсенді енгізуде. Олар заманауи технологияларды бүкіл республика бойынша, соның ішінде Шымкентте де қолданып келеді. Мұнда монопландық ангиографиялық жүйе орнатылғанын байқадым. Бұл жүйе ишемиялық инсульт алған науқастарға шұғыл нейроинтервенциялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді, атап айтқанда, механикалық тромбоэкстракция сияқты жоғары технологиялық операцияларды жүргізуге жағдай жасайды».
Клиника пациенттерінің бірі – 52 жастағы Меңдіғали Сақыбеков. Ол орталыққа инсультпен түскен. Сол жағы істен шыққан ер адамға дер кезінде көрсетілген медициналық көмек көрсетілген. Соның арқасында оның жағдайын тұрақтандыру мүмкін болған екен.
Меңдіғали Сақыбеков, «Хадиша» клиникасының пациенті: «Мен мұнда шамамен бір апта жаттым. Аяғым мен қолым жақсы қозғалады, дәрігерлерге рақмет. Олар таңертең, түсте және кешке келеді, тексереді. Аурухана жақсы, көңілімнен шықты»
Дәрігерлер «алтын терезе» деп аталатын кезеңнің маңыздылығын ерекше атап өтеді. Бұл уақыт аралығында медициналық көмек ең тиімді нәтиже береді. «Хадиша» көпсалалы клиникасында қолданылатын заманауи емдеу әдістері бұл уақытты бір тәулікке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл пациенттің сауығу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады екен.
Жасұлан Жирембаев, Нейроинсульт қызметінің жетекшісі: «Қазіргі уақытта біз айына инсультпен түскен науқастарға шамамен 20 операция жасаймыз. Инсульттық бөлімше 30 төсек-орынға, нейрохирургиялық бөлімше 20 төсек-орынға, неврологиялық бөлімше 15 төсек-орынға арналған. Біздің дәрігерлер жоғары категориялы және науқастардың өмірін құтқару үшін барлық қажетті медициналық көмекті көрсетеді»
«Хадиша» клиникасы тек шұғыл көмек көрсетуге ғана емес, сонымен қатар пациенттердің қалпына келу процесіне де ерекше назар аударады. Медициналық орталықта ерте оңалту бағдарламасы жұмыс істейді. Ол білікті логопедтердің, реабилитологтардың және қалпына келтіру терапиясы бойынша мамандардың көмегін қамтиды. Кешенді тәсіл пациенттерге жоғалған функцияларды тезірек қалпына келтіруге, сөйлеуін, қозғалыс үйлесімін жақсартуға және инсульттар мен басқа да неврологиялық аурулардан кейін өмір сапасын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Айта кетсек, «Хадиша» көпсалалы клиникасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында жұмыс істейді.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Асар шағынауданы, Ақкөпір көшесі, 1/1 ғимарат
Лицензия 23009462, 20.04.2023 ж. РГУ «ДК миф КМзРК бойынша Шымкент қаласы» МЗ РК