Шәміл Әбілтаев, күйші-домбырашы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері: «Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Зауытбек Тұрысбеков Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарған кезінде қазақтың біртуар марқасқалары Сейітқұл әулие мен Әйтеке бидің тарихи мемориалдық кешенін салған. Суреткерлік алғысымды «Қауысбекұлы Зауытбек» атты арнау күйіме сыйғызып, күй атасы Құрманғазыша көсілдім. Қасиетті халқыма, ақниетті күй кейіпкеріме ақжолтай болсын деп күйші Нұрлан Түменбай екеуміз үндесіп, сол қыран күйдің томағасын сыпырдық, ардақты ағайын», — деді.