Шымкентте ер адам итті көлікке байлап, оны көшелермен сүйреткен

фото Бақ.кз

Шымкентте ер адамның итті шынжырмен көлігіне байлап, жол бойымен сүйреткені түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

Видеоны жануарларды қорғау ұйымдарының бірінің өкілдері жариялаған. Олар иттің иесін жауапқа тартуды және жануарды тартып алуды талап етуде. Жануарларды қорғаушылар полиция мен прокуратураға арыз түсірген. Олар итті қамқорлыққа алып, емдеуге дайын екендіктерін жеткізді.

Полицейлер жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.