Шымкенттен Үрімшіге тікелей әуе рейсі ашылады

фото ШӨКҚ
2025 жылғы 30 мамырдан бастап SCAT әуекомпаниясы «Шымкент – Үрімші» бағытында тікелей әуе рейстерін іске қосады. Жаңа әуе бағыты Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстарды нығайтып, туристік және іскерлік сапарларды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
 Рейстер кестесі:
▫ Шымкент – Үрімші: сейсенбі, жұма
▫ Үрімші – Шымкент: сәрсенбі, сенбі
 Ұшу ұзақтығы: небәрі 2 сағат 20 минут.
28 ақпаннан бастап Шымкент – Үрімші бағытына билеттер сатылымға шықты.