Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы Т.-ның жауапкер Ш.-ға ортақ мүлікті бөлу туралы азаматтық іс қаралды.
Талап қоюшы өзінің талабында, жауапкермен 2015 жылдан бастап заңды некеге тұрып, сот шешімімен неке 2023 жылы бұзылғанын. Неке кезінде «Audi100C4» маркалы автокөлік сатып алынғанын, алайда өзінің келісімінсіз сатылып кеткені белгілі болғанын. Жауапкерден ортақ мүлiктен өзінің үлесін 1/2 бөлігі деп анықтауды сұраған.
Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.
Жауапкер Ш. талап қоюшы Т.-ға ортақ мүлік «Audi100C4» маркалы автокөлігінің 1/2 үлес құны, яғни, 1 200 000 теңгені және әр ай сайын «Kaspi Bank» счетына 10 000 теңгені төлеп тұруға міндеттенгенін ескеріп, сот бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы ұйғарым шығарды.
Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы түзiлген келісім, ондағы шарттарымен қоса бекiтiлді. Бұл іс бойынша төленген мемлекеттік баж салығы талап қоюшыға қайтарылып, iс жүргізу өндiрiстен тоқтатылды.