Жұқпалы аурулардың белгілі бір түрлерін алдын алу үшін профилактикалық екпе жасау тиімді әдіс болып табылады. Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзінде, соның ішінде Қазақстанда полиомиелит сияқты ауыр жұқпалы ауруы жойылды.
Республикамызда қызылша, қызамық және туа біткен қызамық синдромын жою бойынша бағдарламалар дайындалды.1998 жылдан бастап вируты гепатитке қарсы, 2005 жылдан бастап қызамыққа қарсы, 2008 жылдан Хиб- инфекциясына қарсы, 2024 жылдан бастап Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация енгізілді.
Егер Сіз қандай да бір жұқпалы індетке шалдықсаңыз, Сіздің ағзаңызда инфекция қоздырғышы болып табылатын микроорганизмдерге (вирустар мен бактериялар) қарсы антиденелер түзіледі. Бұл антиденелер микроорганизмдерді жойып, аурудың қайталануының алдын алады. Бала өмірінің бірінші айларында анасынан плацента арқылы қабылдаған антиденелер көмегімен көптеген жұқпалардан қорғанған. Баланың өзі антиденелерді аурулар қоздырғыштарымен кездескен кезде немесе егуден (прививка) кейін түзеді.Иммундық алдын алу – жасанды иммунитетті нығайту немесе оны жасау жолы арқылы халықты жұқпалы аурулардан жекелей немесе жаппай қорғау әдісі.
Өлімге немесе балалар мүгедектігіне әкеп соғатын аурулар көп. Олардың арасындағы ең қауіптілері :
- сал ауруы
- қызылша
- күл
- көкжөтел
- сіреспе
- туберкулез
- вирусты гепатит «В»
- эпидемиялық паратит
Бұл ауруларға тән белгі – оларды иммунизация арқылы алдын алуға болды. Иммунизация негізінде адамға аурудың қоздырғышы болып табылатын микрооргангизмнің әлсіреп немесе өлтірілген түрлерінен жасалынған вакцина енгізіледі. Вакциналар әдетте иньекциялар арқылы немес ауыз арқылы енгізіледі. Вакцина көмегімен бала ағзасы антиденелер түзеді. Сонымен, бала иммунитетке ие болып, ауырмайды. Кеңейтілген иммунизация бағдарламасы (РПИ) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы болып табылады, оның негізгі мақсаты – бүкіл дүниедегі балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммунизациялау.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта қоғамда екпелерге қатысты теріс көзқарастар қалыптасқан. Соның салдарынан адамдар вакциналаудан бас тартуда. Иммундық жүйені зерттейтін Дүниежүзіндегі барлық ғалымдар аталған көзқарастарды қолдамайды және екпелердің өмірлік қажеттілігі өте маңызды екенін ғылыми тұрғыда талай дәлелдеген.
Енді өзің шеш таразының бір басында сенің денсаулығың, ал екіншісінде надан адамдардың теріс пікірі!
Г. Сұлтанова, Шымкент қаласы
Қаратау ауданының СЭББ-ның
бас маманы