Úı ANONS Дендросаябақта жас жігіттің мәйіті табылды

Дендросаябақта жас жігіттің мәйіті табылды

© Fotolia / vkara

Шымкенттегі Дендросаябақ аумағынан өзін-өзі өлтіру белгілері бар жас жігіттің мәйіті табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми хабарлады.

Оқиға 22 ақпанда таңертең болған. Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт асылып қалған. Қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«Аталған жайт бойынша полиция «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалы жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.