Шымкент қаласында қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында көшелер бейнебақылау камераларымен кезең-кезеңімен қамтылып жатыр. Жаңа жүйе жол қозғалысын бақылап қана қоймай, бет-әлпетті тану технологиясы арқылы күдікті тұлғаларды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерде жолды кесіп өткені үшін бейнебақылау камералары арқылы бақылап, айыппұл салады.
Қалада орнатылған камералар жол ережелерінің сақталуын бақылап, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейді. Мәселен, өткен жылы шаһар аумағында 4 500-ге жуық бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның шамамен 300-і жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталса, қалғаны қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға арналған.
Айта кету керек, жол қауіпсіздігіне арналған камералар радарлық өлшеу жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар, 350 камераға арнайы аналитикалық бағдарламалар енгізілген. Бұл жүйелер іздеуде жүрген азаматтарды анықтауға, адамдардың шоғырлануын бақылауға, жаппай төбелес пен қалыптан тыс мінез-құлықты дер кезінде байқауға мүмкіндік береді. Мәселен, полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, бейнекамералардың көмегімен 700 — ге жуық қылмыстық іс ашылған.
ДОСХАН БАЗАРАЛЫ, ШЫМКЕНТ ҚПД АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ: «Қала аумағында 199 мыңға жуық бейнекамера бар, оның 44 мыңы полицияның Жедел басқару орталығына қосылған. 2026 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің тергеу және анықтау құрылымдарымен цифрлық технологияларды пайдалану арқылы жалпы 1297 қылмыстық іс ашылды. Оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен 649 іс ашылып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 56,6 %-ға жоғары көрсеткішті құрайды».
Аталған камералар негізінен адам көп шоғырланатын орындарға орнатылған. Олардың басым бөлігі бет-әлпетті тану технологиясы арқылы жұмыс істейді. Бұдан бөлек, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылған кейбір камералар көлік нөмірлерін автоматты түрде тану функциясымен де қамтылған.
Алдағы уақытта мегаполисті тағыда бейнебақылау камерасымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Егер мәслихат бюджетін нақтылайтын боса, қала 1000 камерамен толығатын болады. Ол кезде бұл құрылғылардың мүмкіншілігі мен ауқымы да кең болады дейді мамандар. Яғни жоспардағы бейнекамералар жасанды интелектке негізделген.
МҰХИТ КЕМЕЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Шымкент қаласы 2023-2025 жылға дейін камера орната алмады. 2025 жылдан бастап 4500 камера орантылды. Биыл ПД бүгінгі таңда бюджеттік нақтылауға 1000 камера орнату жоспарланып отыр. Әзірге бұл қолдау таппады. Мәслихат сессиясынан соң».
Мамандардың айтуынша, мұндай цифрлық бақылау жүйесі қаладағы тәртіп деңгейін арттырып, жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтардың санын азайтуға ықпал етеді. Қазіргі таңда жаяу жүргіншілердің жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өту фактілері бейнебақылау арқылы анықталып, айыппұл салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл жүйе әзірге қаладағы үш жерде тестілеу режимінде жұмыс істеп тұр.
Нақытрақ айтар болсақ, Отырар шағын ауданы, С.Бәйтереков көшесі, Жеңіс саябағы маңында, сонымен қатар Жібек жолы көшесінде орналасқан.
Нұргүл Жолымбетова






