СІБІР ЖАРАСЫ

4661

Түйнеме (Сібір жарасы) – зоонозды, аса қауіпті, қоздырғышы жанасу механизмі арқылы берілетін, тері қабатының карбункул тәрізді зақымдалуымен, қызба және интоксикациямен, кейде сепсис дамуымен сипатталатын жұқпалы аурудың түрі.  Кейде бұл ауру өкпенің, ішектің қабынуын және терінің зақымдануын тудырады.

 Сібір жарасының жұғу жолдары 

Қоздырғышы – Bacillus anthracis сібір жарасын тудырушы бацилла. Бұл әлемдегі микробтардың ішіндегі ең үлкені болып есептеледі, ұзындығы 6-10 және ені 1-2 микронды құрайды.Сыртқы ортаға өте төзімді ,спора түрінде топырақта 100 жылға дейін белсенділігін жоғалтпайды.

Сібір жарасының белгілері

Қоздырғыш ағзаға тері арқылы (95 пайыз) еніп, бұл жағдай сібір жарасының туындауына әкеп соғады. Спорамен демалса, онда өкпе қабыну түріндегі ауруға шалдығып, оны жұтар болса, ішектің зақымдалу белгілері пайда болады. Инкубация кезеңінің ұзақтығы терілік формада бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күн. Аурудың екі клиникалық түрі болады: біріншісі, жергілікті (карбункулезді, эдематозды, буллезді, эризипеллоидты) түрлері. Екіншісі, Сепсистік (өкпелік, ішектік) түрлері. Ең жиі кездесетін түрі карбункулезді түрі. Дененің ашық жерлері зақымдалады. Тек саусақ ұштары, тырнақ орны және мұрын терісі зақымдалмайды.

Сібір жарасын емдеу

Науқасты міндетті түрде стационарда бокста емдейді. Этиотропты ем. Антибиоктиктер: пенициллин, жайылмалы түрінде 16-20 млн ЕД тәулігіне, тетрациклин, левомицетин, стрептомицин, неомицин, ципрофлоксацин. Доксициклин, гепатомицин. Иммуноиерапия – түйнемеге қарсы иммуноглобулин – 20лігіне. Дезинтоксикациялық ем: тұз ерітінділері, гемодез, полиглюкин. Жүрек гликозидері. В,С тобының дәрумендері.

Сібір жарасын алдын алу

Жұқпаны анықтау және ауыздықтау ветеринарлық қызмет желісі бойынша жүргізілуде.Сібір жарасымен сырқаттану қауіпіне шалдығатын тұлғаларға тірі құрғақ вакцинацияның сібір жарасын алдын алудағы егу жұмыстары жүргізілуде. Ал, ауру малмен байланыста болған тұлғалар екі апта аралығында медициналық бақылауда болады. Сырқатты жұқтырмау үшін ет алуда абай болу керек. Еттің ветеринарлық зертханадан өткендігі туралы анықтаманың болуы маңызды!

Қалдыбекова Р.З

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы ТмКҚСмҚББ