Úı ANONS Түркістанда журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды

Түркістанда журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды

фото ТОПД
Түркістан қалалық полиция басқармасына оңтүстік өңіріне танымал журналист, «Шындық кз» ақпараттық порталының директоры әрі басшысы Айгерім Айтаханова арызданып, жұмыс орнының алдында тұрған өзіне тиесілі автокөлігін белгісіз біреу заңсыз айдап кеткенін хабарлады.
Аталған жайтты полиция «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бабымен тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Оқиға орны түгел қаралып, қала көшелеріндегі бейнебақылау камералары мұқият тексерілді.
Полиция қызметкерлері тарапынан жан-жақты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлікті заңсыз айдап кеткен азаматша бірнеше сағат ішінде анықталды. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда азаматшадан автокөлік айғақты зат ретінде тәркіленіп, арнайы айыптұраққа қойылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.
Өз кезегінде көлік иесі Айгерім Айтаханова: «Полиция қызметкерлерінің кәсіби әрекетіне ризашылығымды білдіремін. Осы қызметкерлердің жедел жұмысының арқасында автокөлік дер кезінде табылды. Сондықтан полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаровқа шынайы алғысымды жеткіземін!»,-деп атап өтті.