Құрмет Талапқазы университетте тегін оқитын болды

164

Білім және ғылым министрінің жоғары оқу орындары ректорларымен өткізген жиналысында Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылығына қала тұрғыны Құрмет Талапқазыға тегін оқу құқығын беру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

Бүгін Құрмет Талапқазы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқи алады деген шешім қабылданды.

Еске салсақ, Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны Құрмет Талапқазы еліміздің батысындағы қуаңшылыққа тап болған малды ауылдарға жем-шөп жіберу үшін  қоғамдық бастамаға мұрындық болған еді.