Шымкент: Сайлау учаскелері кезектен тыс президент сайлауына дайын

141

Шымкенте жұмыс сапарымен Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман келді. Өңірлік сайлау комиссия мүшелерімен кездескен хатшы, 20-шы қарашада өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына республикадағы 10 мыңнан астам сайлау учаскелері дайын екендігін айтады. Қалалық сайлау комиссиясының берген мәліметі бойынша Шымқалада 634 818 адам дауыс беру құқығына ие.

Кезектен тыс президенттің сайлауына екі жетіден астам уақыт қалды. Өңірге арнайы іс сапармен келген Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Шымкенттегі №101 учаскенің жұмысымен танысты. Бүгінде комиссия мүшелері өздеріне жүктелген жұмыстарды жоспар бойынша атқарып жатыр. Айта кетейік, 23 қыркүйек пен 11 қазан аралығында президенттікке үміткерлер ұсынылды. Ал 19 қазан мен 18 қараша аралығында үгіт насихат жұмыстары жүргізіледі.

Мұхтар Ерман, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы: «Бақылауға Сыртқы ішкі министрлігінде рұқсат алған, ОБСЕ, аккредитациядан өткен шетел байқаушылары да осы Шымкенттегі жиынға қатысып жатыр. Өзге мемлекеттерден де бақылауға өтініш бергендер бар».

Шымкент қалалық сайлау комиссиясының төрағасы аймақта еліміз үшін маңызды саяси іс шараға барлығы дайын дейді. Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ орналасқан № 101 сайлау учаскесінде дауыс беретін орын, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да бұрыш қарастырылған. Бұл учаскеде 1235 азамат дауыс беру құқығына ие. Шақырту қағаздары сайлаушыларға алдағы демалыс күндері таратылады. Ақпараттық материалдар да қолжетімді.
Қайырбек Құнанбаев, Шымкент қалалық сайлау учаскесінің төрағасы: «Шымкент қаласында 317 сайлау учаскесінің 5-уі аумақтық, 311 сайлау учаскелері. Қала әкімдігінің берген тізімі бойынша сайлауда дауыс беру құқығына 634 848, яғни, халықтың 56.8 пайызы  ие».

Сайлаудың заң аясында, әділ өтуін учаскелік сайлау комиссяиларының мүшелері қамтамасыз етеді. Сондықтан олармен кеңес- семинарлар ұйымдастырылған. Айта кететін жәйт, 20-шы қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауы туралы 150 билборд Шымкенттің аумағындағы негізгі көшелердің бойында орнатылған.

Сонымен қатар саяси науқан жайлы ақпар көпқабатты үйлердің кіре берісінде, көшелерде 10 қарашаға дейін орналастырылатын болады.