Прокурорлар: Қылмысты қолдан жасаған полицейлердің әрекеті әшкере болды Оқыс оқиға 

Шымкентте ірі сомадағы ақшасы бар әмиянды ұрлаған азаматша ұсталды

Шымкент қаласының полицейлері ірі сомадағы ақшасы бар әмиянды ұрлаған азаматша ұсталды. Желтоқсан айының басында Әл Фараби полиция бөліміне 66 жастағы зейнеткер арызданып келеді. Ол өз арызында қоғамдық көлікте сөмкесінен ірі сомадағы ақшасын әмиянымен белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу нәтижесінде күдікті ретінде 1972 жылы туған, Шымкент қаласының жұмыссыз тұрғынын ұстады. Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушінің сөмкесінен 2 мың АҚШ доллары мен банк карточкасы бар әмиянын ұрлағаны анықталды. Ол кейін әмияннан табылған карта пин-кодымен жәбірленушінің 600 мың теңгеден астам ақшасын банкоматтан алған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ұрлық…

Read More
Автобуста әмиян ұрлаған қыз ұсталды Оқыс оқиға 

Автобуста әмиян ұрлаған қыз ұсталды

Шымкенттің поилцейлері әмиян ұрлаған деген күдікпен 22 жастағы қызды ұстады. 12 сәуір күні сағат 19:15 шамасында Әл Фараби полиция бөлімінің кезекшісіне жолаушы қоңырау шалып, көмек сұрайды. Оның айтуынша, Тәшенов көшесіндегі автобус аялдамасында әмияны ұрланған. Оқиға орнына жеткен полицейлерге жәбірленуші автобусқа отыратын кезде сөмкесінен белгісіз біреу ақшасы мен әмиянын ұрлап алғанын айтады. Қалалық жергілікті полиция қызметінің жүргізген жедел іс-шарасы негізінде бейнебақылау камераларының көмегімен Шымкенттің 1994 жылы туған тұрғыны ұсталды. Полицейлер бұл қыздан ұрланған әмиянды тауып, айғақ зат ретінде тәркіледі. Оқиғаның орын алу барысын анықтау үшін күдікті Әл Фараби полиция бөліміне жеткізілді және…

Read More
Жаңалықтар Оқыс оқиға 

Сөмкені ала қашқан ұры бірден ұсталды

Шымкенттің полицейлері қалта ұрысын қолға түсірді. Бұл оқиға түнгі сағат 21:30 кезінде Тәуелсіздік бағында болды. Осында қыдырып келген әйелдің сөмкесін белгісіз біреу тартып әкеткен. Жәбірленуші дереу 102 нөмірі арқылы полицейлерге хабар береді. Орталық басқару пультіндегі кезекші тез арада саябақтағы тірек бекетінің инспекторларына нұсқау берген. Тәртіп сақшылары жүгіріп жүріп, саябақтың ішін аралайды. Нәтижесінде ұры алысқа ұзай алмай, бірден қолға түсіп отыр. — Мен саябаққа қыдырып келгенім сол еді, — дейді келіншек. — Кенет, телефоныма сіңлім қоңырау шалды. Жауап беріп, жолдың шетіндегі орындыққа отырдым. Сөйлесіп отырғанда сөмкемді жаныма қойғаным сол еді, біреу…

Read More
Оқыс оқиға 

Қызылордадан келген ұры Шымкентте ұсталды

Шымкенттің тәртіп сақшылары Қызылорда облысынан келген 21 жастағы қалта ұрысын қолға түсірді. Шымкент ҚІІБ Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру барысында Қызылорда облысынан келген 21 жастағы азаматты құрықтады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жас жігіт қала тұрғындарының қол сөмкелерінен және қалтасынан ақша ұрлаған. Күдікті азамат адамдардың назары басқа жаққа ауып тұрған кезін пайдаланып, өз ісін жүзеге асырып отырған. Ағымдағы жылдың 17-қыркүйегінде тәртіп сақшыларына 48 жастағы азаматша шағымданады. Күдікті азамат дүкенге зат алу мақсатында кірген әйелдің сөмкесінен 19 мың теңгесін жымқырып кеткен. 5-қазан күні күндізгі уақытта қаладағы базарлардың бірінде 23…

Read More