Оңтүстікте жастар орталығына жеке ғимарат берілді Жаңалықтар 

Оңтүстікте жастар орталығының ғимараты ашылды

Шымкентте жастар ресурстық орталығы ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі мен облыс әкімінің жүлдесі үшін республикалық «Жайдарман» ойыны өтті. Жаңа ғимаратты аралап көрген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жастар ұйымдарының алдағы  жұмыс жоспарымен танысты. — Бүгінде өңірімізде 800 мыңға жуық жастар бар. Яғни облыс халқының 30 пайызын құрайды, — деді әкім. — Бұл — үлкен күш. Сондықтан дәл осындай орталықтардың 16-сын іске қосып отырмыз. Алдағы уақытта жастар белсенділігі арта түседі, бірігіп, бірлесіп жұмыс істейміз деген сенімдемін.» Үш қабатты ғимараттың жалпы алаңы — 1980 шаршы метр. Бірінші қабатында фойе мен 8 жұмыс бөлмесі бар….

Read More
Шымкент қалалық әскери комиссариатқа жаңа ғимарат салынады Жаңалықтар 

Шымкент қалалық әскери комиссариатына жаңа ғимарат салынады

Шымкент қалалық әскери комиссариатқа жаңа ғимарат салынады. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалалық әскери комиссариатта болды. Жұмыс сапары барысында мекеменің жұмысымен танысып, барша әскери ұжымды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, ел егемендігін сақтауда әскери күштерінің ерекше маңыздылығын атап өтті. Мереке құрметіне орай қала әкімі аталған мекемеге жаңа «Нива» автокөлігінің кілтін табыс етті. Сонымен қатар, алдағы уақытта мекеме қызметкерлеріне арнап Нұртас шағынауданы аумағынан жаңа кеңсе ғимараты салынатынын жеткізді. Қазіргі таңда осы мақсатта 1 гектар жер бөлініп, нысанның нобайы дайындалды.

Read More
Облыстық көркемсурет галереясының жаңа ғимараты салынады Жаңалықтар 

Облыстық көркемсурет галереясының жаңа ғимараты салынады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев суретшілерді қолдау, өнерін насихаттау, пікір алмасу, сондай-ақ, осы бағытты дамыту мақсатындағы ұсыныстарды талқылау мақсатында облыстық бейнелеу өнері музейінде болды. Онда аймақ басшысы суретшілер одағының мүшелерімен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Жиынға Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресей, Қырғызстан көркемөнер академиясының академигі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ерболат Төлепбай қатысты. Отырыс барысында Қазақстан суретшілер одағы облыстық филиалының директоры Нұрлан Шилібаев өнер адамдарының әлеуметтік жағдайын жасау мәселесін көтеріп, шығармашылықпен айналысатын жұмыс орнының жоғына алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ, жергілікті суретшілердің туындыларын аталған бейнелеу өнері музейінің қорына сатып алу жайын қозғап,…

Read More
Оңтүстікте Адвокаттар алқасының жаңа ғимараты ашылды Жаңалықтар 

Оңтүстікте адвокаттар алқасының жаңа ғимараты ашылды

Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Шараға облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов, Әділет департаментінің басшысы Е.Дауылбаев, адвокаттар алқасы ұжымы мен заң кеңселері меңгерушілері, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысып, нысан салтанатты түрде ашылды. Әділет департаментінің басшысы өзінің құттықтау сөзінде іс-шараға қатысушыларды адвокаттар алқасының құрылу тарихымен таныстырып өтті. Облыстық соттың төрағасы және адвокаттар алқасының ардагерлері қорғаушылардың сапалы заңгерлік қызмет көрсетіп, олардың іс-әрекеттеріне байланысты арыздардың түсу фактілеріне жол бермеу қажеттігін айтып, кәсіби мамандардың кәсiптiк әдеп кодексiн сақтау керекі туралы әңгімеледі.

Read More
№54 мектеп Жаңалықтар 

Шымкентте жаңа мектеп бой көтерді

Шымкенттегі Ынтымақ шағынауданында жаңа мектеп бой көтерді. Осыған дейін тар бөлмелерді қанағат тұтып келген оқушылар су жаңа ғимаратта білім алады. Үш қабатты мектеп қыркүйек айында 1300 шәкіртке құшағын жаймақ. Бой көтерген жаңа нысан 900 оқушыға арналған. Ғимараттың сынып кабинеттері заманауи жабдықтармен жасақталған. Оқушылар мен ұстаздар білім ордасының салтанатты түрде тапсырылуын асыға күтіп жүр. Шыдамы жетпегендерді мектеп директорының өзі ертіп, жеке-жеке таныстырды. №54 мектепте 1 300 оқушы бар. Олар бұған дейін 350 орынды, ыңғайластырылған білім ордасында оқып келген. Сабақтары үш ауысымда өтіп, тар бөлмені паналаған. Енді бұл ыңғайсыздықтар артта қалатын күн…

Read More
Жаңалықтар 

Облыс әкімдігінің мекенжайы ауысты

Облыс тұрғындарының назарына! Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта салынған ғимаратқа көшкенін хабарлаймыз. Жаңа орталықтың мекенжайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Астана даңғылы, нөмірсіз үй. Облыс әкімінің аппараты мен облыстық басқармалар орналасқан әкімдікке жолаушылар тасымалдайтын №92 (С.Бәйтереков көшесі, Астана даңғылы, Ж.Шаяхметов көшесі арқылы), №45 (Ұ.Арғынбеков, С.Бәйтереков көшелері мен Астана даңғылы арқылы), №13 (Т.Назарбеков, Ж.Шаяхметов көшелері арқылы) және №4, 14, 20, 42, 76, 103 бағыттағы қоғамдық көліктермен (С.Бәйтереков көшесі арқылы) баруға болады. Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Read More