ҰБТ-2014: Екінші күн

323

Бүгін өңірімізде бітірушілердің тағы бір легі ұлттық бірыңғай тест тапсырды. Облыс бойынша 12 тест өткізу бекеттерінде 6 106 түлек сынақтан өтті.

Жалпы, үш күнде 14 мыңға жуық жеткіншек ҰБТ тапсырса, әлі 5 мыңға жуық бітіруші 9-маусымға дейін тест тапсырады. Айта өтейік, бүгінге дейінгі нәтиже бойынша облыстың орта балы – 78-ге тең.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=PwOWyfjBSKM[/youtube]

Ал «Алтын белгіге» үміткерлердің 63-і тест тапсырып, 25-і ата-аналары мен ұстаздарының үмітін ақтап үлгерді. Ең жоғары балл – 123. Оны Шымкент қаласындағы №8 мектеп-гимназияның түлегі Жамиля Зайнил жинады. Одан кейінгі жоғары балл – 122. Оны Кентаудағы Дарын мектебінің 2 оқушысы иемденген.