Шымкентте туған балаларын тастап кеткен ана іздестірілуде

Туған балаларын тастап кеткен шымкенттік ана іздестірілуде. 28 жастағы азаматша қос перзентін осыдан төрт ай бұрын кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша тастап кеткен. Содан бері ұл-қызын алып кетпек түгілі балдырғандарын қайта көруге де келмеген.

Анасынан қапыдан айырылып қалған қос балақай балаларды уақытша бейімдеу үйінде де бір-біріне қамқор. 9 жасар Виктория үнемі туған інісі Тимурдың қас қабағына қарап, анасының жоғын білдірігісі келмейді.

Шымкентте туған балаларын тастап кеткен ана іздестірілуде

Кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығына келген балалар тек үш ай ғана тұрақтай алады. Дегенмен, Тимур мен Викторияның мұнда жүргеніне төрт айдан астам уақыт болған. Сондықтан орталықтың қызметкерлері тастанды балалардың жағдайы Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы жасы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясында қаралып, олардың осы орталықта жүру уақытын тағы 3 айға созу туралы шешім шықты.

Шымкентте туған балаларын тастап кеткен ана іздестірілуде

Қазір бұл істі құзырлы орган өкілдері мен білім мамандарынан құралған комиссия мүшелері қарауда. Ал қос перзенттін тастап кеткен ананы полицейлер іздестіріп жатыр.

Сәуле Оңғарбаева, әлеуметтік педагог: «Біздің орталыққа Саиповтар 2015 жылдың 4 желтоқсанында келді. Бұл отбасының тұрмыстық жағдайына қарап әрі анасының жұмыссыз жүргенін ескеріп, балаларын бейімдеу орталығына білім бөлімінің шешімімен қабылдаған болатынбыз. Анасы жағдайым түзелгенде балаларын алып кетем деген. Бірақ, жаңа жылдан кейін мүлдем келмеді. Қазір балаларын тастап кеткен анаға іздеу жарияладық.»

Кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығының қызметкерлері балаларды танып-білген азаматтарынан көмек сұрайды. Өйткені із-түссіз жоғалып кеткен ана туралы әзірге ешқандай ақпарат анықталмапты. Ал анасын шырылдап іздеген бүлдіршіндер-шешесінің келетініне сенеді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР