//
Жаңалықтар 

Оңтүстіктен тағы 25 отбасы Солтүстікке қоныс аударды

55555555555555Бүгін облыстан 25 отбасы Солтүстікке қоныс аударды. Шымкент қаласынан және Төле би ауданынан жиналған тұрғындар Шоқан Уәлиханов ауданындағы Ақжар ауылына көшіп барады. Олар түгелдей жұмыспен қамтылып, өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға атсалысатын болады.

Шымкенттік Гауһар Балтабаева жуырда жайғасатын жерін көзбен көріп қайтты. Баспанам да, жұмыс орным да көңілімнен шықты дейді. Бірнеше жыл бойы математика пәнінен сабақ беріп келген мұғалім енді бұл жұмысын солтүстікте жалғастыратын болады.

Қоныс аударушылардың арасында жұмыссыздар мен басыбайлы баспанасы жоқ тұрғындардың қарасы көп. Алайда, барлығы да еңбекке қабылетті. Игі бастаманың басы-қасында жүрген халық қалаулылары солтүстікке ат басын бұрғандардың барлығының да баспанасы дайын деп сендіреді. Айтуларынша, оларға бір реттік мемлекеттік субсидиядан бөлек егін егетін жер де беріледі. Кәсіп бастау үшін төмен пайызбен несие де ала алады.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыстан 80-нен астам отбасы солтүстік өңірге көшкен. Ұйымдастырушылар ниет білдірушілердің қатары 200-ден асып жығылады дейді. Алайда, өңірде бұл мақсатқа небәрі 100 квота бөлінген.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz