Қазақ күресінің шебері Ақтөре Жайылбек Иранда ерледі.

96
қазақ күресінен Әлем чемпионатының жүлдегері

Ақтөре Әлем чемпионатында күмістен алқа тақты. 70 келі салмақтағылар арасында 27 елдің палуандарынан басым түсе білген. Сондай-ақ, Ұлттық құраманың сапында өз ептілігін сынға салған тағы бір Шымкенттік палуан Бекзат Сайлыбеков та жүлделі болды. Сонымен қатар Иранда Азия чемпионаты да өткен болатын. Байрақты додада 18 елдің спортшыларымен белдескен Ақтөре бас жүлдеге ие болды. Жерлесіміз ақтық сында алаң қожайынмен кездесіп, нәтижесінде еліміздің ән ұранын Иранда шырқатты.