Жаңалықтар 

25 жұмыссыз жаңа кәсіпті игерді

Бұрынғы жұмыссыз — қазіргі дәнекерлеуші немесе автослесарь. Еңбек биржасына тіркелген 25 адам білім алып, жаңа кәсіпті меңгерсе, тағы 35 азамат кәсіпті меңгеруде. Мемлекеттік «жұмыспен қамту» бағдарламасы жұмыстан босап қалған азаматтарды жаңа мамандыққа үйретіп қана қоймай, сонымен қатар 12188 теңге көлеміндегі стипендия да тағайындады.
Автослесарь мен газ дәнекерлеушілері өте қажетті мамандықтар қатарында. Сондықтан да жұмыссыз қалған азаматтар осы кәсіптер бойынша қайта мамандандырылуда. Бір ай бойына жаңа мамандықтың қыр-сырын меңгерген Сапарбек Боранбаев курстың өзге де мүшелерімен іске кірісуге дайындалып жүр.
Жаңа дипломды көптен күткен 25 түлек жаңа жұмысқа кірісуге дайын. Оларға жұмыс берушілер де жетерлік.
Қоғамға қажеттілігі аз мамандығын сұранысқа ие жаңа кәсіпке ауыстырып, қыр-сырын үйренем деушілер мыңдап саналады. Сондықтан, жұмыспен қамту орталығы келесі жылдан бастап жаңа топтарды жасақтайтын болады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz