Спорт 

Ата-аналар перзентінің суық спорт залында жаттыққанын қаламайды

№8 қысқы спорт түрлері мектебінде тағы бір дау шықты. Ата-аналар жағы балаларын жаттығуларға жібермейміз деп байбалам салып отыр. Өйткені,спорт залы тым суық және мұз да таза емес.  Балақай жарақат алып қалуы мүмкін. Спорт мектебінің басшылығы қолымыздан келгенін жасап, қажетті жағдай жасауға тырысып жатырмыз деп өз уәжін айтады. Алайда, ата-аналар жағын бұл мәселе аса толғандырмайды. Олар баласының денсаулығын ойлап, түн ұйқысын төрт бөледі. «Чемпиондарды тәрбиелеу мұндай жағдайда мүмкін емес»-дейді олар  «Уақыт аз беріледі және спорттық киімге келгенде де бір қатар проблемалар бар.»

Бақытжан Зиябеков :»Әлеуметтік тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларға спорттық киімдерді сатып алып беріп жатырмыз. Хоккейден құрама команданы да толығымен киіндірдік. Қысқы ойындар қымбат спорт түрлеріне жатады. Сол себепті, мектептегі мыңға жуық баланы спорттық киіммен қамтамасыз ете алмаймыз. Оны түсінген ата-аналар қол ұшын беріп жатыр.»

Бүгінде Алматыдан арнайы маман да шықырылған. Оңтүстікте қысқы спорт түрлерінен шәкір тәрбиелейтін бапкерлер жоқтың қасы. Сол себепті, өзге облыстардан жаттықтырушылар шақыруға мәжбүр. Хоккейден Өскемендік бапкер дәріс беріп жатса, мәнерлеп сырғанаудан алматыдан және өзбекстандық мамандар келген. Ал мектептегі проблемаларды шешу үшін уақыт қажеттігін спорт ордасының басшылығы жасырмайды. Бірлесе жұмыс жасаған күнде ғана чемпиондарды тәрбиелеуге болатынын олар алға тартады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz