Бадминтоннан Қазақстан Чемпионаты өтті

285
Бадминтон - Олимпиадалық спорт түрі

Соңғы он жылдың ішінде Шымкентте алғаш рет бадминтоннан Қазақстан чемпионаты өтуде. Еліміздің сегіз облысынан үздік спортшылар жиналған. Өйткені, бұл жолғы жеңімпаздар ұлттық команданың құрамын толықтырады. Сондай-ақ, халықаралық аренада ептілігін байқауға мүмкіндік те алады.

Еліміздің басты жарысына шымкенттіктер қолынан келгенше дайындалды. Спорттық залдағы кейбір құрал саймандарды жаңартуға да тура келді. Мұндай деңгейдегі турнирді өткізуге қомақты қаражат жұмсалары сөзсіз. Ең қызығы, бұл жолы бапкерлердің өздері қалтасынан қағылды.

Қаржылай проблемаларға бадминтоншылар үйреніп те қалған. Халықаралық жарысқа да өз қаражатына барып, енді ел чемпионатын ұйымдастыру да бапкерлердің мойнына жүктелді. Ол аз болғандай жерлестеріміз бұл спорттық залда жаттығуы да бір қатар проблемалармен өтетінге ұқсайды.

Қандай қиын болмасын, жерлестеріміз бүкіл командалық сынақта бірінші орыннан көрінді, ал екінші орында Қостанай болса, алғашқы үштікті қарағандылықтар қорытындылады.