Бұл жайында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Парламент Сенатында өткен жалпы отырыста «Білім туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қорғау барысында мәлімдеді, — деп хабарлайды «Жаңалықтар фабрикасы» интернет порталы
Енді 2014жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне көшетін болдық. Осыған орай, 8 жыл бұрын енгізілген аты шулы Бірыңғай ұлттық тестілеу алынып тасталмақ. Өздеріңізге белгілі бұған қатысты айтылған сыни пікірлер мен адам өліміне әкеп соққан деректер де аз емес. Енді білім министрлігі талапкерлердің жағдайын жеңілдетпек.