Мүмкіндігі шектеулі спортшыларға қол арба сыйлады

269
ел ағаларының сыйлығы

Бүгін Сауран Жамалбеков пен Ермек Қалымбетов жаңа қол арбаға ие болды. 4500 мың доллар тұратын арбаны облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқарма бастығы Полат Қырықбаев бастаған ел ағалары спортшыларымызға сыйға тартты. Сауран — үстел теннисі бойынша спорт шебері атанып, жуырда ғана өткен 3-ші Паралимпиадалық ойында үздік танылған. Ермек те қол арбада шеберлі спортшы атанып, Республикалық жарыстың жеңімпазы. Бұл заманауи арбаның арқасаныда облыс қоржынын тағы бірнеше медальмен толықтырамыз деп уәдесін берді қос спортшы да.

Естеріңізге салайық, 3-ші Паралимпиадалық ойын Шым қалада өткен болатын. 500-ден астам спортшы қаламызда ептілігін байқап, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спорттың дамуына жаңа бір серпіліс беретініне жерлестеріміз сенім артқан болатын. Ал мұндай қол арба оңтүстікте былай тұрсын, бүкіл республикада жоқтың қасы.

Сол себепті, Сауран мен Ермек үшін бұл үлкен сый болып, жерлестеріміздің қуанышы шексіз деуге де болады.

«Енді келесі байрақты жарыстарға дайыдығымызды бастаймыз»-дейді спрортшыларымыз.