Мергендер үздіктерді анықтауда

275
Шымкенттік мергендер топ жаруда

Кеңес одағының спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған халықаралық турнир биыл  да Шымқалада жалауын көтерді. Биыл оңтүстіктің мергендері жақсы жетістікпен бастады. Бүгіннің өзінде облыс қоржыны 4 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен толығып үлгерді. Ал Александр Ермаков болса оқ атудан облыс рекордын жаңартты. Ол 50 метрлік қашықтықтан 600 ұпайдың 599-на көздей білген. Оған дейінгі көрсеткішті соңғы 20 жыл ішінде еш бір мерген жаңарта алмаған екен. Өкінішке орай, жарысқа алматылық қонақтар ғана келген. Ал Өзбек пен қырғыз бауырлар биыл жарысқа қатысудан бас тартқан.