Сарбаздардың алғашқы оқ атуына сарбаздар аналары комитетінің өкілі қатысты

26

 

 

Шымкент қаласы бойынша «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары» комитетінің өкілі Шарифа Ахметжанқызы Муминова мерзімді қызметтегі сарбаздар қызмет ететін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасымен жақсы таныс. Бұл жолы ол «Дарбаза» полигонына шығып, онда осы күзде бөлімге келген 200-ге жуық жас сарбаздың алғашқы практикалық ату жаттығуларын орындады.

 

Осы күзде Алматы қаласынан, Алматы, Жамбыл және Қостанай облыстарынан шақырылған жауынгерлер әлі Ант қабылдаған жоқ, бірақ жалпы әскери дайындық негіздері бойынша теориялық бөлімнен өтіп, қарудың сипаттамаларын, оның ерекшеліктері мен қауіпсіздік шараларын зерттеді. Енді практикалық бақылау жаттығуларын орындау уақыты келді.

Практикалық атыстарды орындамас бұрын, сарбаздар қауіпсіздік шаралары мен ұрысқа дайындық, дұрыс ату мен көздеу бойынша нұсқаушылар практикалық сабақтар өткізетін оқу нүктелерінен өтеді. Олар біркелкі әрі дәл атуды машықтап, жауынгерлік қаруды дұрыс қолдану дағдыларын үйренеді.

Нысаналар орнатылған, жас сарбаздар бөлімшесі қаруларымен атыс шебінде, нұсқаушының бұйрығымен атысты орындауға кірісуге дайын тұр.

– Жауынгер үшін қолайсыз ауа-райы әскери бөлімде қалуға кедергі де, сылтау да емес. Орташа алғанда, әр сарбаз далалық атыс жаттығуларын орандау үшін 12 айдың кем дегенде 4 айын полигонда өткізеді. Біздің ұлдарымыздың қатал армия күндері қалай өтіп жатқанын білу үшін мен полигонға келдім және өкінбедім. Балалар соңғы үш аптада теориялық сабақтар барысында алған дағдыларын айқын көрсетті. Балаларымызға оңай қызмет тілегім келеді! – деді Шарифа Ахметжанқызы.

Алғашқы атыс қорытындысы бойынша үздік нәтижені Қостанай облысының шақырылған Мирас Жанабилов көрсетті, ол 100-ден 93 балл жинады. Оның мергендігі мен қолының қаттылығын тек атыс шебіндегі нұсқаушы ғана емес, сонымен қатар бригада командирі полковник Әмірқожа Айткожин де оң бағалап, оған жақсы қызмет тіледі.

– Мен бәрін командирлеріміз үйреткендей нұсқаулықпен орындадым. Келесі жолы мен өз нәтижемді жақсартуға тырысамын. Біз әскери қызметтің негіздерін қызығушылықпен игеріп, ант қабылдауға дайындалып жатырмыз. Алғашқы атыстардан кейін менімен бірге келген көптеген жігіттердің армияға деген қызығушылығы екі есе артқанына сенімдімін, – деп бөлісті Мирас.

Айта кетсек, жас сарбаздардың алдында беренді техниканы тізгіндеу сынағы күтіп тұр, онда олар траншеядағы позицияға орналасу, темір сауытты беренді машинаның астына жатып, кейін  оны граната муляжымен көзін жою керек. Осы сынақтан өткеннен кейін жауынгерлер әскери ант қабылдау рәсімі және ата-аналарымен көптен күткен кездесуі күтеді.