Жаңалықтар 

«Petro Kazakstan Oil Products» ЖШС мектепке жәрдемімен келіпті (PR)

Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын. «Петро Казахстан Ойл Продакс» ЖШС жылдағы жәрдемімеен келіпті. Мекеме қызметкерлері Сайрам ауданындағы Қарабастау ауылының № 54 Жүсіпбек Аймауытов атындағы мектеп гимназиясына осымен 3 жыл қол ұшын беріп келеді.

Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші. жақсылықтың уытын алып келді десеңші. Әрдайым қол ұшын беріп тұратын аға-әпкелеріне бүгін мектеп оқушылары арнайы концерттік бағдарлама дайындапты. Ән,би барлығы қонақтар назарында. Тіпті, бүлдіршіндер болашаққа өту қуанышында ағаларымен бөліспек болыпты.

Мектептің еңбек бөлмесі заманауи 10 тігін машинасымен қамтамасыз етілді. Үйірмеде қыздар киім-кешек тігіп, тіпті «Айгөлек» балалардың өнер байқауына өздері тіккен киімдерімен билеген. Болашақта дәрігер боламын деп армандаған Дана Болысбек қызға ине саптап, құрақ құрау әрдайым қажет деп есептейді. сондықтан, үйірмеде пішіп,тігу, тоқу үйренуге құлшынады. Ал жаңадан әкелінген тігін машинасына құрбыларының барлығы қуанған.

Оқу ордасы «Петро Казахстан Ойл Продакс» ЖШС-нің жанында орналасқан. Қарабастау ауылының 30 пайызы дерлік осы мекемеде қызмет атқарады. әрдайым мектепке демеушілік жасауды петро қазақстан өкілдері үрдіске айналдырған. Биылдың өзінде олар мектепке біржарым мил теңге бөлген. Музыкалық аппарат, толықтай қамтылған компьютерлік сынып, теледидарлар, оқу жылы басындағы 25 жағдайы төмен оқушыларға әперілген киім мен құрал-жабдықтар бұл тек бастама ғана дейді демеушілер.

Бала біздің болашағымыз. Олардың білімінің сапалы болуы үшін жасаланып жатқан мұндай жағдай қажет.

(PR) — жарнама материалы

Related posts