Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ашылды

135
Мамандар балалармен жеке-жеке жұмыс істеуге кірісті

Мүмкіндігі шектеулі балалар психолог, дифектолог мамандардың көмегіне жүгіне алады. Көзі нашар көретін  балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатында салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлмесі ашылды. ОҚО бойынша алғаш рет тәжірибелік алаң ретінде қолға алынған.

Бөлме қажетті құралдар меy аудиодәрісті тыңдауға арналған жабдықтармен қамтылып, түрлі ойыншықтармен, кітапшалармен толықтырылған. Дәрісханалық қабырғаларға баланы сергітіп,серпін беретін суреттер салынған.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен қолға алынған бастама республикалық бюджеттің трансферті аясында жүзеге асырылып отыр. Онда психолог, деффектолог, тефлопедагог мамандар мүгедек балалармен жеке жұмыс жасап, арнайы пәндер бойынша сабақтар өткізеді. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар қауіптің алдын алып, денсаулықты нығайту және сақтау туралы мәліметтерді біле алады.

Интернат директорының айтуынша, мектепте 200-ге жуық бала білім алады. Ал мамандардан тек көмекке зәру және жағдайы қиын, көздері нашар көретін 116 бала көмек ала алады. Оларды өмірге бейімдеп, болашақты жоспарлауда өткізілетін психологиялық сабақтардың пайдасы көп дейді басшы.