Шымкентте қалалық Суретшілер Одағы құрылды. Жеке өз алдына тәуелсіз заңды тұлға болып
Сұлтан Ғаниұлы Иляев басшылық етеді. Жемісті еңбек еткен әріптестерге арнайы номинация тағайындап үлгеріпті.»Сарайшық» номинациясымен тұңғыш марапатталған үштіктің бірі, қылқаламның хас шебері, Оңтүстік суретшілерінің көшбасшысы Қасымбек Нұрбеков бұл бізге шығармашылық құлшыныс сыйлайды,- дейді. Суретшілердің қалалық одағының басышысы Сұлтан Ғаниұлы бұл номинация тұрақты түрде тағайындалатындығын айтады. Оңтүстіктегі 90-нан астам мүшесі бар аталмыш Одақтың жұмысын қорытындылаған жиында Тәуелсіздіктің 20 жылында талмай еңбек етіп келе жатқан қылқалам шеберлері Құрмет Граматоларымен марапатталды. Сондай-ақ тәуелсіздіктің тойына жасар тарулары да електен өткізілді.