Шымкенттіктер үшін тағы бір демалыс орны ашылады. Ол «Тәуелсіздік» саябағы деп аталады! «Көне Шымкент» қалашығындағы қызу құрылыс жұмыстары бүгінде аяқталуға жақын. Жаңа саябаққа қазірдің өзінде келушілер көп.
Көз алдымызда көрікті орын бой көтеруде. Ал бірнеше ай бұрын субұрқақ, бәйтерек бәрі тек қағаз жүзінде бейнеленген еді. Бүгінде құрылысшылар нысанды тапсыруға дайындалуда.
Тахир Узденов, қала тұрғыны.
Мұндай керемет Шымкенттік тұрғындарға лайық деп ойлаймын. Менімше бұл қалалықтардың ең сүйікті орнына айналады.
Қала тұрғындарын Исхад Мухамед саябаққа аса қуанышпен шақырады. Қытайдан келген құрылысшы әуенді субұрқақтың құрылысына көмектесті. Енді міне ол жасалынған жұмысқа өзі де қызыға қарап тұр. Мұндай керемет еш жерде жоқ дейді құрылысшы.
Исхад Мухамед
Бұл субұрқақ әуенге құрылған. Музыканың дыбысы күшті болса, су шығады. Өте керемет.
Енді қалашыққа жол төселіп, Бәйтерек және орындықтар қойылды. Голландиядан гүлдер әкелініп, отырғызылды. Құрылыс жұмыстары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асты. Жұмысшылар да нысанды белгіленген мерзімінде тапсырды.
ҒаниЖан Сейдинов-құрылыс компаниясының директоры.
Гүлдердің Голландиядан әкелінгені ұнады. Кіре беріс арканың өзі қандай керемет. Нысанда 300-400 адам жұмыс істеуде.