120 велосипедші мына алаңда арнайы жасақталған шиеленіскен жол торабынан, шеңбер, жылан, ағаш щеткадан , дәлізден өту, су жеткізу жаттығуларынан мүдірмей өтуі тиіс. Бұл жарысқа өз шеберлігін байқауға №50 мектептің оқушысы Бақытжан Ахметте келіпті. Өзін велосипедтің құлағында ойнаймын деп санайтын 10-сынып оқушысына кедергілер жолы қиынға түсіпті

Бақытжан Ахмет: Жарысқа бірінші рет қатысып отырмын. Күнде үй жақта велосипед тебеміз. Су жеткізу велосипед айдап отырып қиын болды

Велосипед туризмінің техникасы оның ішінде фигуралық жол бойынша қаланың 30-дан астам мектебінің шәкірттері жарысқа түсті. Әр оқу ордасынан 2 ұл 1 қыз өз велосипедімен сайысқа қатысуға ниет білдірген. Әрқайсысының велосипеді әр түрлі. Бұл сайыс қорытындысына әсер ететіні анық. Алайда, ұйымдастырушылар қымбат велосипед сатып алмақ түгілі, жаттығатын залдарының да жоқтығын айтып қынжылады.

 Жазира Байжанова-сайыс ұйымдастырушысы;

 Арнайы велоспед беруіміз керек. Бірақ, бұл бюджетпен қаралмаған. Тіпті, жас туристтерге қыста жаттығатын залымызда жоқ.

Туристтік көпсайыстың веложарысында өткен жылы №53 мектептің оқушылары топ жарған болатын. Биыл олар жарысқа қатыспады. Бүгінгі мектеп пен жасөспірім туристтер станциясының спортшылары сынасқан жарыста жекелей, және командалық жеңімпаздар анықталады.