Шымкенттің әкімі Қазақстанның велоспорт федерациясының облыстық филиал президенті болып тағайындалды

332
Ғабидолла Әбдірахымов

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Қазақстанның велоспорт федерациясының облыстық филиал президенті болып тағайындалды. 10 наурыз күні «Қазақстанның велосипед спорты федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ашылуы салтанаты өтті.

Ғабидолла Әбдірахымов

Басқосуда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов облыстық филиалдың президенті болып тағайындалды. Салтанатты жиында шаһар басшысы «Tour of Shymkent» бір күндік халықаралық веложарысы өтетінін атап өтті. Баспасөз мәслихатында тұсауы кесілетін бұл жарыс биылғы қыркүйек айында Шымкент-Түркістан бағытымен өтеді деп жоспарлануда.