Заңсыз көшірілген дискілер тәркіленді (бейне)

Бүгін қаламыздың бірнеше базарларында заңсыз жолмен жазылып, сатылымға шыққан дисктер тәркіленді. Бұл арнайы рейд барысында жүзеге асты.

ІІМ-нің арнайы бұйырғымен және түскен арыз-шағымдардың негізінде қолға алынған іс-шара нәтижесінде 10-нан аса алып-сатарлар тауарларынан айрылды.

Заңсыз саудамен айналысатындарға бұған дейін де ескерту жасалған. Алайда, олар құлақ аспады. Енді саудагерлерге қатысты хаттама толтырылып, тиісі шара қаралады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=TbawQ7V-5fw[/youtube]