ҚР Ұлттық Банкі жаңа монеталар шығарды

264
төл теңгенің тың түрі
төл теңгенің тың түрі

Коллекциялық «Республика мақтанышы», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы», «Қазақстан халықтарының ертегілері»,» Қазақстан ұлттық ойындары мен ғұрыптары» деп аталатын жаңа монеталар күміс, сондай-ақ «Банкноттағы портреттер» монетасы алтыннан жасалған.

Тиындар кәдесый қорабымен,Ұлттық Банктің орыс, ағылшын, мемлекеттік тілдерінде сапа нөмірімен жабдықталған. Бұл тиындар мен дүкендерде сауда жасай алмайсыз. Бірақ банкте салым салуға және ақша аудару операциялары үшін пайдалануға болады. ҚР барлық банктерінде ұсақталып, ауыстырыла береді.

Нумизматтар сүйікті коллекциясын толықтыру мақсатында, күміс естелік монеталар үшін 5 мың 900 теңгенден 7 мың 300 теңге төлеуі тиіс. «Банкноттағы портрет сериясы бойынша, алтын монетаны 65 мың 700 теңге сатып алуға болады. Дмитрий Андреев «Айтыс» екі естелік монетасын 1-ші болып сатып алды. Коллекция жинақтауды ол 8 жыл бұрын бастаған. Содан бері жинағын үздіксіз жаңартуда.

Ал қарапайым қалалықтар мұндай естелік монеталар сатып алып, ақша салуға асығар емес, өйткені мұны құр ақша шашпақ деп білетіндер көп. Ал қаржы сарапшылары артық ақшаны алтын-сырға сатып алып, сақтамай, осындай естелік монеталармен жинақтаған дұрыс деп отыр.

Ұлттық банктің ұсынып отырған бұл тиындары капиталды көбейтудің кепілі. Өйткені құны да ақырындап болса да тұрақты түрде артып отырады. Естелік монеталар нумизматикалық құндылыққа ие. Олай дейтініміз, тиынның жасалған метал салмағымен емес, сиректілігімен де бағалана түседі. Естелік монеталарын Ұлттық банк филиалдарынан алуға болады.