ОҚО ІІД-нің полицейлері Тараздағы қайғылы оқиғада қайтыс болғандардың жанұясына біркүндік жалақысын қайырымдылық көмек ретінде аударуға үндеді. Бұл шараға Күзет басқармасының Шымкенттегі бөлімінің тәртіп сақшылары да қосылды. Қазір қорға 9 млн. теңгеден астам қаражат жиналыпты. Қаржы басқармасы жиналған қаражаттың тиісті межесіне дұрыс жетуін қадағалап жатыр екен.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Алматыда қаскөйлердің қолынан екі полицей қаза тапты. Ал сенбі күні Тараздағы жанкештінің лаңкестігі тағы бірнеше тәртіп сақшысын жер жастандырды. Қоғамға туған қауіпті кеудесімен қалқалап ерлікпен қаза болған полицейлер мемлекеттік нарградаға да ұсынылды.