Ақмола облысында грек-рим күресінен ел чемпионаты өткен болатын. Шымкент құрама командасы ел ордамызға жол тартып, бас жүлде үшін таласқа түсті. Бүгін оңтүстікқазақстанның грек рим күресінен федерация басшылығы жүлдегерлерді жеңісімен құттықтап, қаржылай сый жасады. Ақмола облысында өткен республикалық жарыста Жамшид Хасановпен Райымбек Құрманалиев алтыннан алқа тақса, Сабри Сүлейменов, Илимдор Сатоев, Бекнур Нұралиев күміс медальға қол жеткізді. Ал төрт палуан үшінші орыннан көрінді. Ал бүкілкомандалық сынақта оңтүстік қазақстандықтар бірінші орыннан көрінді.
66 келі салмақта: Жәмшид Хасанов — алтын, бапкері Ахмадалиев А.
59 келі салмақта: Райымбек Құрманалиев- алтын, бапкері Ағайдаров Е.
35 келі салмақта: Сабри Сүлейменов — күміс, бапкері Колесников А.
53 келі салмақта: Илимдор Сатоев — күміс, бапкері Гелашвили С.
47 келі салмақта: Бекнұр Нұралиев — күміс, бапкері Алдабергенов Б.
85 келі салмақта: Дастан Айтмұратов — қола, бапкері Кошелев В.
73 келі салмақта: Сейдахмет Дүйсенов — қола, бапкері Қуаншыбек, Колесников
53 келі салмақта: Нұржан Қарабаев — қола, Ағайдаров Е.
59 келі салмақта: Асхат Тоқмағамбет — қола, бапкері Абдураманов Ж.