Көкпаршылар тартысқа түсті

282
көкпардан халықаралық дода басталды

Мемлекет қайраткері, Социалистік Еңбек ері Асанбай Асқаровты еске алуға арналған дода барысында аударыспақтың чемпиондары да ептілігін байқайтын болады. Биыл бас жүлдені сарапқа салу үшін 8 команда жиналған. Олардың арасында Қырғызстан мен Өзбекстандық шабандоздар да бар.

Ғани Ахметбаев, ОҚО ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры: «Негізі жарысқа алты елдің шабандоздары келуі тиіс еді. Алайда, шекарада орын алған кейбір қиындықтарға байланысты төрт елдің спортшылары қазақ жеріне өте алмады. Бұл мәселені алдағы уақытта министрлікке дейін жеткізіп, шешсек деген ниетте отырмыз.»

Алғашқы күннің өзінде-ақ шабандоздардың дайындығы байқалды. Жарыстың алғашқы күні Орталық атшабарда қырғыздармен алматылық көкпаршылар таласқа түсті. Шет елдік қонақтар басымдық танытып, жиналғандарды шеберлігімен қуантты.

Көкпаршылар осымен оныншы жыл қатарынан Асанбай Асқаровты еске алуға арналған жарыста ептілігін байқап келеді. Жыл сайын үздік шабандоздар анықталып, жаңа есімдер турнирдің тарихына жазылады. Биыл да оңтүстіктің көкпаршылары жеңімпаз атаныд деп сендеі бапкерлер. Жарыс әлі де жалғасуда. Апта соңына қарай биылғы жылдың чемпиондары анықталады.