Қазақстанда мақтаның бағасы соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қазақстан мақтасы» АҚ-ның мақта өңдеуші зауыты ақ алтынның 1 келісін мақташылардан 103 теңгеден сатып алуда. Ал көрші Тәжікстанда биыл мақта бағасы едәуір төмендеп кеткен. Бұл жағдай мақташыларды алаңдатып отыр. Алайда басқа жұмыс жоқ болғандықтан,көнуіне тура келеді. Ақ алтынның бір тоннасы — қазір 700 доллар төңірегінде .
Шаруа қожалықтары да мақта теруден ұтылуда. Өйткені баға төмен. Осылайша жалғаса берсе, шығынымызды жаба алмаймыз, -дейді олар.
Мәселен, шаруа қожалығының бригадирі Рашаббой Хидиров былай дейді: «Көктемгі жұмыстар үшін әлі есеп айырыспадық. Минералды тыңайтқыштардың қарызы да өтелмеді. Жанармайдың бағасы қымбат. Не істерімізді білмейміз. Мақтаның бағасы көтерілмейтін сыңайлы. Олай болса, биыл да табыс көрмейміз».
Дегенмен, мақта бағасының көтерілетінен үміт үзсе де, шаруалар келер жылға мақта алқаптарын кеңейтпек. Көп ексең,әйтеуір бір амалы болар деп сенеді.