Есірткі сатқан мектеп мұғалімі сотталды

528

Оңтүстікте есірткінің ауыр түрін таратуға қатысы бар мұғалім сотты болды. Мақтаарал ауданындағы мектептердің бірінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы сот шешімімен бас бостандығынан айрылды. Ол Тәжікстан азаматымен сыбайлас болған. Серіктесіне есірткінің ауыр түрін тауып беріп, өткізіп отырған.

түрмеІрі көлемде есірткі сатқан оқытушыға үкім облыстық мамандандырылған ауданаралық сотта оқылды. Спортшы мұғалім кінәсін толығымен мойындап отыр. Ол есірткі өткізуге мәжбүр болғанын айтып ақталды. Айтуынша, әлгі сатып алушының өзі оны осы қылмысқа итермелеген екен.

Жан-жақты тергелген іс барысында есірткіні шекарадан ұстаздың қалай өткізіп отырғаны да анықталған. Тәжікстанда оның туыстары тұратын көрінеді. Сол жақта такси жүргізушісімен танысады. Таксист оған есірткі тасымалдау жолын көрсеткен.

Сот процесіне төрағалық еткен судья шешімімен есірткі саудасымен айналыспақ болған ұстаз 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айрылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ернар Балабеков