25 қарашадан бастап 10 желтоқсанға дейін Шымкенттің барлық тұрғындары үй кітапшаларын қайта тіркеуден өткізулері қажет. Ол үшін кітапшада тіркеуі бар жанұяның кез келген мүшесі қаламыздағы үш ауданға және халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиіс. Ондағы мамандар үй кітапшасының көшірмесін алады.
Бұл шара ҚР азаматтарының мекенжайлық мәліметтерін түзету мәселелері бойынша көші қон полициясы органдары мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзара іс қимыл жасасу регламентіне сәйкес, ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бекітілген. Бүгінгі таңда қаладағы үш ауданда арнайы орындар белгіленіп мамандар жұмысқа кірісті.
Еңбекші ауданында 9 жерде, Абайда 4 және Әл Фараби ауданында 4 жерде қызмет көрсетіледі. Түрлі себептермен бұл шараға қатыса алмаған отбасыларына жылжымалы арнайы мобилді топ қызмет көрсетеді.