Жаңалықтар 

“Метрокомбанк” кәсіпкердің ісін өркендетеді (PR)

Банктің кәсіпкерлермен тікелей жұмысы. Метрокомбантіктер үшін бұл жай ғана сөз емес, қолдан келер іс. Сондықтан да аталмыш банктің өз тұтынушыларымен жұмыс істеу ауқымы кең. Арнайы ұйымдастырылған жиынға банкирлер шағын және орта бизнес өкілдері мен жеке кәсіпкерлерді шақырыпты.

Айбек Досыбаев, “Метрокомбанктің” ОҚО-дағы филиалының директоры:

Өткен жылдан бастап біз шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге несие бере бастадық. Қазіргі күні кәсіпкерлік саланың шағын және орта бизнесінің өзге де қажеттіліктерін дамытудамыз. Істі дамытуға арналған көптеген бағдарламаларымыз бен шарттарымыз бар. Оның барлығы да бәсекеге қабілетті.

Метрокомбанктің қызметкерлері әрбір клиент ісінің ауқымына қарамастан арнайы қызмет көрсетіп, ісін өркендету жұмысының жоғарғы сервисін ұсынады. Несиемен қамту жағы да тиімді. А.Досыбаевтың айтуынша, несиеге берілетін қаржының басым бөлігі “Метро экспресс” бағдарламасы бойынша несиелендіріледі екен. Оның көлемі бүгінде 2 млн. 200 мың теңгеге дейін өсіпті. Несиені беру шарттары да оңай көрінеді. Әр кәсіпкерді ежіктеп, талдау жасамайды, табысының бар екенін растайтын құжат та керек емес.

Сонымен қоса, бұл банк айналымдағы және негізгі жиынтықты толықтыруға да несие береді. Яғни, 10 жылға дейін 1,5 миллиард теңге көлемінде қаржы ала аласыз. Кәсіпкерлермен кездесу жиынына келген Владимир Патрушев оңтүстікте жабық алаңқайдағы балық өсіру ісімен айналысқысы келетінін айтты. Құрылғылардың жұмысымен бір ғана адам жұмыс істейтінін баяндаған ол өзге шығынның қажеті жоқтығын айтып қуанады.

Кәсіпкерлерді банктің қол жеткізген жетістіктері де қызықтырды. Оларға, әсіресе, “Метрокомбанктің” жалақы беру жобасы тиімді. Арнайы банкоматтарының болуы мен “Еуразиялық банк”- пен арадағы келісім-шарты да қолайлы.

“Метрокомбанк” – әзірге Оңтүстіктің банктік қызмет көрсету нарығындағы жаңа қызмет. Мұның өзі бизнестің жаңа бағытта және сапалы қызмет жасауына кепілдік береді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz