Шымкенттегі «Сбербанк» филиалы өзінің бір жылдық мерейтойын тойлады. Республика бойынша Сбербанктың 13 бөлімшелері жұмыс істейді. Күні бойы банк басшылығы барлық бөлімше директорларымен басқосу өткізіп, алдағы күндерге жоспарын талқылады. Ал кешкісін опера және балет театрында біржылдық мерейтой салтанаты өткізіліп, еліміздің эстрада жұлдыздары банктың тұрақты клиенттеріне өнермен шашу шашты. Өзінің алғашқы мерейтойын «Сбербанк» өз клиенттерімен атап өтуде. «Сбербанкке» сенім артқандарды, өз ісін дөңгелеткендерді банкирлер әріптес ретінде санайды. Серіктестер сенімігнің арқасында банк 10миллиард теңге инвестиция көлемін ұлғайтты. Нәтижесі де талайды таң қалдырды.

«Біз бір жыл бойында клиенттердің сенімінен шығуға тырыстық. Осы сенімнің арқасында қол жеткізген жетістіктеріміз де аз емес. Биыл да , алдағы уақыттарда да банктың беделі мен материалдық бекемдігін арттыру жорлында еңбек ететін боламыз,»- дейді Шымкент қ. АҚ ЕБ «Сбербанк» филиалының директоры Марат Өтемісов.

«Сбербанк» Оңтүстікке тура бір жыл бұрын келді. Өлкенің мүмкіндік ауқымы банкирлердің асқан қызығушылығын тудырғаны рас. Ірі инфрақұрылымдық жобалар, қарқынды құрылыс, фармацевтикалық және мұнай компаниялары. Инвестиция салар сала жетерлік сондықтан да Сбербанкке дағдарыстың еш салқыны тимейді. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның беріктігіне сенген банк менеджменті серіктестеріне сенімді.

Олег Смирнов, «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқармасының төрағасы:»Қазақстандықтардың дағдарысқа дағдармайтындай жайы бар. Бұл тұрақты қордың қуаттылығын байқатады. Барлық жағдайға біздің банк те сақадай сай. Қашанда клиенттердің мүддесі «Сбербанк» үшін 1-ші орында».

Қазірдің өзінде Сбербанкке Қазақстанда 200 мыңға жуық адам сенім артып отыр. Бағила Жанұзақ банктың мерейтойымен тура келген клиенті. 17 жасар Оңтүстіктің тұрғыны салтанатты мерейтойға арнайы шақырылыпты.

Бағила Жанұзақова, «сбербанктың» клиенті: «Қызметкерлерінің клиенттерге деген қарым-қатынасы, банкың капиталдық қуаты барлығы да көңілімнен шыққан соң таңдауымды жасағанмын. Бір жылдың өзінде үлкен жетістікке жеткен банктың болашағы зор деп есептеймін»,-дейді банктың 200 мыңыншы клиенті Бағила Жанұзақ.

Жол картасы бағдарламасы мемлекеттік бағдарламасын банкпен бірге жүзеге асырып жатқандар мерейтойда марапатталды. Құттықтау сөздерінен соң Сбербанк мерейтой қонақтарына тамаша сый жасады. Ән әлемінің ханшайымы Роза Рымбаева сүйікті әндерімен банк мерейтойы қонақтарына шашу шашты.