Қалың қар қала арасына қатынайтын автобустар мен көліктердің қозғалысына әсер етпеген. Мұны ОҚО бойынша ТЖД өкілдігі хабарлап отыр. Ауа-райының қолайсыздығынан демалыс күндері ешқандай төтенше жағдай болмаған.

Десе де, жол апатының саны азаймай отыр. Облысымыздың жол инспекторларының мәлімдеуінше, соңғы 2 ткүнде 11 жол көлік апаты орын алыпты. Түрлі жарақатпен 20 адам ауруханаға жеткізілсе, біреуі оқиға орнында мерт болған.

Сарыағаш ауданында Ауди С-4 жеңіл автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай 2 жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Олар 1989,1986 жылы туылған бойжеткендер, ал олардың өліміне кінәлі жеңіл көлікті игере алмаған 32 жастағы Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Жүргізуші мен оның көлігінде 2 жолаушы ауруханаға жеткізілді.