//
Жаңалықтар 

Оңтүстіктің мақташылары ерледі

Биылғы жиын-терім науқанында Мырзашөл өңірінің шаруалары 206 мың 100 тонна ақ алтын жинады. Бұл межеленген жоспардың 100,2 пайызға орындалғанын аңғартады. Өткен жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 53 мың 600 тоннаға артқан.

Шаруалар мұндай жетістікке агротехникалық шараларды уақытылы атқарып, сапалы жұмыс жүргізіп, жаңа технологияларды ендірудің арқасында жеткенін айтады. Жиын-терімнің ерте аяқталып, қабылдау бекеттеріндегі бағаның тиімді болуының арқасында мақтааралдықтар келер жылы ақ алтын егетін жерлерді өңдеу жұмыстарына білек сыбана кірісіп кетті.

Мырзашөл өңіріндегі шаруалардың бұл жетістіктерімен облыс әкімі Асқар Мырзахметов құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

Тағы да оқитындарыңыз