Арыс қаласының әкімдігі ғимаратына бомба қойылды деген дабылдың жалған екені анықталды. Кеше кешкісін ТЖ департаментінің жеке құрамы, оның ішінде 14 маман мен 2 арнайы техника осындай хабарлама түсе салысымен шұғыл іздестіру шарасын үйымдастырды.
Ведомствоның атап өтуінше, кеше кешкі сағат 21:07-де «102» пультіне Арыс қаласы әкімдігінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпарат түскен.
Арнайы жүргізілген шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ.Қазір Жалған хабарлама берген адам іздестірілуде.